Nissan 20 мың қызметкерді жұмыстан шығарады

144

Әлемге танымал Nissan компаниясы қызметкерлерінің 15%, яғни 20 мың адамды жұмыстан босатуды жоспарлап отыр.  

Nissan 20 мың қызметкерді жұмыстан шығарады Фото: lowyat.net

Бұл шешімге бірлестіктің қаржылық қиындыққа ұшырауы себеп болып отыр деп, жазады inbusiness.kz сайты Жапонияның NHK қоғамдық телерадиокомпаниясына сілтеме жасап.  

Жапонияның үшінші ең ірі автоөндірушісі Қытайдағы және АҚШ-тағы ең үлкен нарығында әлсіз сатылымнан кейін бизнесін жеңіл және икемді етуге тырысып жатыр. Алайда компания басшылығы бұған қатысты әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Былтыр жапондық автокөлік құрастырушының шығыны 5 млрд долларға жеткен. Айта кетейік, компанияның нарықтық құны 28%-ға құлдыраған.

Биыл наурызда компанияның бұрынғы президенті әрі бас директоры Макото Учида Honda және Nissan-ның бірігуі туралы келіссөздер тоқтап, жаңа стратегиялық серіктес іздеуден кейін қызметінен кетті.

Содан бері Иван Эспиноза тізгінге отырды және қазір оған компанияны тұрақтандыру міндеті тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу