Nissan 20 мың жұмыс орнын қысқартады

741

Бұл барлық қызметкерлерінің 15%-ы.

Nissan 20 мың жұмыс орнын қысқартады

Әлемдегі ең ірі көлік жасаушы компаниялардың бірі Nissan Motor Co. 20 мың қызметкерін жұмыстан босатады. Яғни бірқатар елдегі барлық қызметкерлерінің 15%-ы жұмыссыз қалатын болды. Бұл туралы Kyodonews басылымы хабарлады.

Көлік концернінің мұндай шешім қабылдауына пандемия салдары түрткі болып отыр. Осылайша компания қайта құрылымдауды іске асыра бастайды. Nissan Covid-19 салдарынан мамыр және маусым айларында Жапониядағы зауыттарының жұмысын тоқтатуға мәжбүр.Жыл басынан бері оның капитализациясы 44,1%-ға қысқарған. Енді Nissan Motor Co., Renault SA мен Mitsubishi Motors Corp. альянсы бірлесе 2023 жылға дейін түбегейлі қайта құрылымдау процесін жүргізбек.

Ескере кететін жайт, бұл компания жылына шамамен 7 миллион автокөлік жасап шығарады. Испаниядағы зауыттарында 2019 жылы 55 мың көлік құрастырылған екен. 

Сонымен қатар басшылықтың жалақысы қысқартылуы мүмкін. Қазір осы мәселе талқыланып жатыр. Тіпті бас директор Макото Учидудың еңбекақысы да азайып қалуы ықтимал.

Табиғат Нұрболат

Фото: kyodonews.net

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу