Nissan басшысы отставкаға кетті

779

Компанияның жаңа директоры қазан айынының соңында тағайындалады.

Nissan басшысы отставкаға кетті

Жапондық Nissan Motor автокөлік корпорациясының басшысы Хирото Саикава қызметінен кетті. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Оның отставкаға кетуіне компанияның кірісіне қатысты мәселелер себеп болған. 

Саикаваның орнына уақытша 63 жастағы Ясухиро Ямаути келеді. Ол бұған дейін компанияның операциялық директоры қызметін атқарған. Ямаути -Nissan және Renault корпорациялары директорлар кеңесінің мүшесі. 

Айта кетейік, 2018 жылы Саикава Renault - Nissan – Mitsubishi альянсының бұрынғы басшысын қатаң сынға алып, оның отставкаға кетуін талап еткен болатын. Бірақ 2019 жылы Nissan директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі Грег Келли Хирото Саикава компанияны басқаруға арналған 440 мың долларды жымқырды деп мәлім еткен болатын. 

Nissan-ның жаңа директоры қазан айынының соңында тағайындалады. Ол компанияның автокөлік нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Renault-мен байлнанысты жаңғыртуға тиіс. 

Авконцерннің қазіргі жағдайы көңіл көншітіп отырған жоқ. Жапониядағы ең ірі көлік өндірушілердің бірі саналатын Nissan алдағы үш жылда 12,5 мың қызметкерін қысқартуды жоспарлап отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу