Ниябеков әлем біріншілігінің күміс жүлдегері

1268

Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты.

Ниябеков әлем біріншілігінің күміс жүлдегері

65 келіде белдескен Дәулет Ниязбеков күміс жүлдеге қол жеткізді деп жазады Olympic.kz. 

Дәулет финалда тәжірибелі ресейлік балуан Гаджимурат Рашидовпен кездескен болатын. Белдесу басталған бойда қарқын алған Рашидов өз мықтылығын дәлелдеп, екі бірдей әлем чемпионатының финалында бұйырмаған алтын жүлдені иеленді.  Қорытынды есеп - 11:0.  Көптен күткен алтын медаль қазақ балуандарына бұл жолы да бұйырған жоқ. Десе де, Дәулет Ниязбековты әлем чемпионатының күмісімен және Олимпиада жолдамасымен құттықтаймыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу