Нижат Рахимов Олимпиада алтынынан айырылды

1054

Ол 8 жылға спорттан шеттетілді.

Нижат Рахимов Олимпиада алтынынан айырылды

Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов Рио Олимпиадасының алтын медалінен айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы sports.kz-ке сілтеме жасап.

Спорт арбитраж соты (CAS) Нижат Рахимовты допингке қарсы талаптарды бұзғаны үшін 8 жылға спорттан шеттетті.

2021 жылғы қаңтарында Халықаралық допинг тест агенттігі Рахимовқа допинг қолданды деп айып тағып, уақытша жарысқа қатысуына тыйым салған. Ол мұнымен келіспей, арбитраж сотының допингке қарсы бөлімшесіне жүгінген.

Сот спортшыны 4 зәр үлгісін ауыстырды деп таныды. Бұл – IWF антидопинг ережелерін өрескел бұзу болып саналады. Салдарынан Нижат Рахимовтың 2016 жылдан 2021 жылға дейінгі жарыстарда жеткен барлық көрсеткіші жойылды.

Қазақстандық ауыр атлет 2016 жылы Рио де Жанейрода өткен Олимпиадада жеңіп алған алтын медалінен айырылды.

Алтын медаль қытайлық спортшы Люй Сяоцзюнге беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу