Нижневартовск тұрғын үйіндегі газ жарылысынан қаза тапқандар саны тоғызға жетті

453

Бұған дейін сегіз адам, оның ішінде төрт бала қайтыс болды деп хабарланған. Осылайша, ТЖ құрбандарының саны тоғызға дейін жетіп отыр.  

Нижневартовск тұрғын үйіндегі газ жарылысынан қаза тапқандар саны тоғызға жетті Фото: img5tv.cdnvideo.ru

Нижневартовскідегі үйде газ жарылысынан зардап шеккен тағы бір адам Сургут ауруханасында қайтыс болды, деп хабарлайды Ханты-Мансийск автономиялық округі Үкіметінің Telegram-арнасы, деп жазады Inbusiness.kz.

"Сургут күйік орталығының дәрігерлері осы күндері зардап шеккендердің өмірі үшін барынша күресті. Өкінішке орай, 62 жастағы науқасты құтқару мүмкін болмады",-делінген баспасөз хабарламасында.

Үкімет аталмыш ауруханада ауыр жағдайда жатқан тағы бір науқас ем қабылдап жатқанын хабарлады.

Ал Нижневартов аудандық клиникалық ауруханасына түскен екі адамның жағдайы тұрақты, өмірлеріне қауіп төнбейді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу