Алдын ала мәліметтер бойынша, алты адам қайтыс болды, тағы бірнеше адам зардап шекті. Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Жарылыс салдарынан 3-ші кіреберістегі 2-ші, 3-ші қабаттар жартылай құлап, ғимараттан 52 адам эвакуацияланды. Ауруханаға жеткізілгендер саны 5 адамға жетті.
"Соңғы мәліметтер бойынша, медициналық мекемелерге бес адам жеткізілді", — деді ТАСС агенттігіне сұхбат беруші.
Ханты-Мансийск автономиялық округінің губернаторы — Югры Наталья Комарова өзінің Телеграмм арнасында қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты.
"Барлық югорлықтар атынан Нижневартовск қаласындағы Мира көшесіндегі тұрғын үйдің жартылай құлауынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамын", - деді губернатор.