Швейцарияның Давос қаласында АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы наразылық акциясы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап.
БАҚ-тың хабарлауынша, бүгін онға жуық адам Грюниберг тауына көтеріліп, 450 шырақ жақты. Соның көмегімен наразылық білдіргендер "No Kings" деген жазуды бейнелеген.
Тау етегінде арнайы алаң алдын ала дайындалған. Факелдер арқылы ұран алыстан анық көрінген. Наразылық шарасы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында өтті.
2025 жылы "No Kings" ұранымен миллиондаған америкалық елдің әр өңірінде көшеге шықты. Олар Ақ үй басшысы авторитарлық билікке ұмтылатынын, басшылықты өз қолына алғанын алға тартты.
Айта кету керек, бұған дейін Дональд Трамп "Бейбітшілік кеңесін" өмір бойы басқаруы мүмкін екенін жазғанбыз.