Нобель қорының хабарлауынша, физиология және медицина саласындағы жеңімпазды 6 қазанда Каролинский институты жанындағы Нобель комитеті жариялайды. 7 және 8 қазанда физика мен химия саласы бойынша лауреаттарды Корольдік ғылым академиясы анықтайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының иегерінің есімі 9 қазанда белгілі болады. Ал бейбітшілік сыйлығының лауреатын 10 қазанда Ослода Норвегиялық Нобель комитеті жариялайды.
Экономика саласындағы Нобель сыйлығының иегері 13 қазанда Стокгольмдегі Корольдік ғылым академиясы жанындағы Нобель экономика комитеті тарапынан анықталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу