Нобель сыйлығының бейбітшілік саласындағы лауреаттары жарияланды

963

Былтыр БҰҰ-ның "Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы" лауреат атанған болатын.

Нобель сыйлығының бейбітшілік саласындағы лауреаттары жарияланды

Ресейдегі "Новая газета" газетінің бас редакторы Дмитрий Муратов пен америкалық-филиппиндік журналист Мария Ресса 2021 жылғы Нобель сыйлығының бейбітшілік саласындағы лауреаттары атанды, деп хабарлайды Inbusiness.kz комитеттің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Комитет олардың "демократия мен берік әлемнің алғышарты болып табылатын сөз бостандығын қорғауға бағытталған күш-жігерін" атап өтті.

Муратов – бейбітшілік сыйлығына ие болған үшінші ресейлік. Бұған дейін құқық қорғаушы Андрей Сахаров пен КСРО-ның бірінші Президенті Михаил Горбачев сыйлыққа ие болған еді.

2020 жылы БҰҰ-ның "Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы" лауреат атанған болатын. Нобель апталығы 4 қазанда басталды. Сыйлықтар ғылыми зерттеулер, революциялық өнертабыстар, мәдениетке немесе қоғамның дамуына үлкен үлес қосқаны үшін беріледі. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу