Нөкежанов: Мемлекеттік пе, жекеменшік болса да, мектеп оқушыларына хиджаб киюге рұқсат жоқ

997

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нөкежанов мектепте хиджаб киюге болмайтынын ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нөкежанов: Мемлекеттік пе, жекеменшік болса да, мектеп оқушыларына хиджаб киюге рұқсат жоқ

"Бізде орта зайырлы мектептер бар. Мектепке барғандардың бәрі де министрдің бұйрығын, Қазақстанның заңын сақтауы керек", – деді Ержан Нөкежанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Бұл ретте комитет басшысы адамдардың көзқарасы әртүрлі болғанымен елдің заңын бәрі сақтауы керектігін тағы да ескертті.

"Жекеменшік немесе басқа мектеп болсын, Білім және ғылым министрі мектептердің бәріне де ортақ стандарт барын түсіндірді. Мемлекеттік пе, жекеменшік пе бәрібір – стандарттарды ұстануы керек. Егер сіздерде (БАҚ өкілдеріне қарата – авт.) нақты кейс немесе осы стандарттардың бұзылғаны туралы дәлел болса, өңірлердегі білім басқармаларына, бізге немесе Білім және ғылым министрлігіне жүгіне аласыз. Нақты кейс болса, біз оны жеке қарап, заңның сақталуын қадағалауға дайынбыз", – деді Ержан Нөкежанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу