Компания желіні алдағы айларда SpaceX зымыранымен ұшырғысы келеді.
Nokia трансұлттық IT компаниясы 2023 жылы айда 4G желісін іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz компания президенті мен CEO Пекка Лундмаркқа сілтеме жасап.
Желі NASA-ның "Артемида-1" миссиясы үшін қолданылады. Мақсат - жердегі желілер болашақ ғарыштық миссиялардың коммуникативті қажеттіліктерін қанағаттандыра алатындығына көз жеткізу. Адам соңғы рет айда 1972 жылы болған.
Технология ғарыштың төтенше жағдайларына төтеп бере алады, дейді Nokia. Инфрақұрылым айдың оңтүстік бөлігінде орналасқан Шеклтон кратеріне орналастырылады.