Nokia компаниясы телефон шығаруды тоқтатып, басқа жобаны қолға алды

Әйгілі компания Apple және Samsung секілді сала көшбасшыларына қарсы тұра алмады. 

Nokia компаниясы телефон шығаруды тоқтатып, басқа жобаны қолға алды Фото: canva.com

Осылайша, Nokia компаниясы телефон шығаруды ресми түрде тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Фин өндірушісінің барлық смартфоны мен планшеті 2017 жылдан бері телефон шығару құқығына ие болған HMD Global сайтынан жойылмақ.

Брендтің өнімдері Apple және Samsung сияқты көшбасшыларымен бәсекеге түсе алмағаны шындық. Nokia дәуірінің аяқталуы компанияның соңғы бірнеше жылда елеулі жаңалықтарды немесе жаңа үлгілерді ұсынуымен байланысты болды деуге негіз бар. 

Компания ғарышта ұялы байланыс желісін орнату сынды жаңа жобалармен жұмысты жалғастыруды көздеп отыр. 

Nokia компаниясы бұрынғы кнопкалы телефондарды қалдыруды жөн көрген, десе де жаңа смартфондар енді шығарылмайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу