Нөлдік сыныптағы балалар алфавитті "Әліппемен" оқиды

1422

Нөлдік сыныптағы балалар алфавитті "Әліппемен" оқиды

Былтыр Астанадағы оқу­шы­лар саны 16 мың балаға артқан еді. Мектепке дейінгі балалардың саны туу мен көші-қон көрсеткішінің жо­ға­ры деңгейіне байланысты артып отыр. Биылғы оқу жылында бір ғана 1-сыныпқа 22 мыңға жуық оқушы қабыл­данады деп күтілуде, деп хабарлайды elorda.info.

Айта кетейік, биыл еліміздің мектеп­терінде нөлдік сыныптар пайда болады. Ол сыныпқа қабылданған балалар алфавитті "Әліппе" бойынша оқиды. Жақында ғана білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұның бірінші сыныпқа келетін балалардың дайындық деңгейі арасындағы үйлесімсіздікті жоюға мүмкіндік беретінін айтты.

Нөлдік сыныпты бұрынғыдай мек­тепте де, балабақшада да өтуге болады.

Балабақшалармен бірге қала бойынша 49 шағын орталықтар жұмыс жасайды. Оның 46-сы – мемлекеттік, ал 3-еуі – жекеменшік. Жұмыс уақыты жарты күн. Онда мектепке баратын балаларды төрт жастан бастап тегін түрде дайындайды. Орталыққа жолдама алу үшін бала Астана қаласы бойынша балабақша кезегінде ресми түрде тұруы керек. Бұдан бөлек, әр мектептің жанынан "Балдырғандар мектебі" ашылған. 13 маусым-13 тамыз аралығында баланы мектепке баруға бейімдейтін даярлық сыныптары әр сабағы 25-30 минуттан үш сағат оқытады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу