Номиналды жалпы ішкі өнім 77,8 трлн теңгені құрауы мүмкін

901

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2021 жылға арналған нақтыланған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жариялады. 

Номиналды жалпы ішкі өнім 77,8 трлн теңгені құрауы мүмкін Фото: inbusiness.kz

Министр ел экономикасының өсімі 3,1%-ды құрауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны қаңтар айындағы минус 4,5%-дан 
бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша минус 1,6%-ға дейін жақсарды. Жыл басынан бері мұнайдың орташа бағасы барреліне 61 долларды құрады.  Дүниежүзілік қаржы ұйымының болжамынша, баға 44-67 доллар шамасында болады. Осыны негізге ала отырып, макрокөрсеткіштерді нақтылау кезінде мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 50 доллар көлемінде  айқындалды", – деді Әсет Ерғалиев.

Министрдің мәлімдеуінше, Дүниежүзілік банк әлемдік экономиканың өсу қарқынын 1,6%-дан 5%-ға дейін болжап отыр. 

"Ел экономикасының өсу болжамы 2,8%-дан 3,1%-ға  дейін жақсарады деп болжануда. Бұл ретте номиналды жалпы ішкі өнім 77,8 трлн теңге көлемінде бағаланып отыр", – деді Әсет Ерғалиев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу