Нөмірін жасырып, көлігіне жарқылдақ шам орнатқан жүргізуші ұсталды

275

Түркістан облысында мемлекеттік нөмірін сыйлық бантигімен жауып, көлігіне заңсыз жыпылықтайтын шам орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нөмірін жасырып, көлігіне жарқылдақ шам орнатқан жүргізуші ұсталды Фото: polisia.kz

Оқиға Сарыағаш ауданына қарасты Жібек жолы ауылында болған. Бейнебақылау камераларын қадағалаған полиция қызметкерлері нөмірі бантикпен жабылған әрі стробоскоп орнатылған көлікті байқап қалған.

Ақпарат учаскелік полиция инспекторларына беріліп, олар көлікті тоқтатқан. Рөлде Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны отырған. Ол нағашысының тойынан қайтып келе жатқанын айтқан.

Тексеру нәтижесінде жүргізушінің мемлекеттік нөмірді жасырғаны және көлікке заңсыз арнайы жарық құрылғысын орнатқаны анықталды.


Осы құқық бұзушылықтар үшін оған әкімшілік шара қолданылып, автокөлігі айыптұраққа қойылды.

Полиция мемлекеттік нөмірді жасыру және көлікке заңсыз жарық құрылғыларын орнату әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу