Нөмірлерді ауыстыру қызметі: Қазақстан абоненттері қандай операторды жиі таңдайды?

796

Биыл нөмірді ауыстыру қызметі 160 мыңнан астам рет пайдаланылды.  

Нөмірлерді ауыстыру қызметі: Қазақстан абоненттері қандай операторды жиі таңдайды? Фото: dixinews.today

2022 жылы рекорд жаңартылды деуге болады. Себебі жыл басынан бастап  21 қазанға дейін нөмірді ауыстыру қызметі 160,2 мың рет пайдаланылды, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

85,4 мың абонент Beeline ұялы байланыс операторына ауысты. Былтыр да Beeline көш бастаған болатын (53%).

2022 жылдың шілде айының басында абоненттік база бойынша Beeline үздік болған (10,3 млн абонент). Бүгінгі таңда оператор нарықтың 42%-ын құрайды.

Ал, Kcell ұялы байланыс операторындағы абоненттер саны 8 млн-ды құрады (32,6%). finprom.kz есебі бойынша Теле2/Altel абоненттерінің саны – 6,2 млн.

Осы жылдың қазан айы бойынша елімізде 25,3 млн ұялы байланыс абоненті бар. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 4,5%-ға артық.

Айта кету керек, MNP (Mobile Number Portability) қызметі Қазақстанда 2016 жылы іске қосылған. 2016-2021 жылдар кезеңінде аталған қызмет түрі бойынша өтінімдер саны 129-148 мың аралығында болған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу