"Нормалар қағаз жүзінде қалып отыр": Депутат экологиялық мәселелер неге шешілмей жатқанын айтты

248

Ауа мен судың, топырақтың ластануы халықтың денсаулығына айтарлықтай зиян тигізіп жатыр. 

"Нормалар қағаз жүзінде қалып отыр": Депутат экологиялық мәселелер неге шешілмей жатқанын айтты Фото: aikyn.kz

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз, депутаттар, өңірлерге барғанда экологиялық мәселелердің ауқымын өз көзімізбен көріп жүрміз. Ауаның, судың, топырақтың ластануы, қалдықтарды тиімсіз басқару халықтың денсаулығына айтарлықтай зиян тигізіп жатыр. Әсіресе, өнеркәсіп және ластанған аймақтарда аурудың түрлері мен деңгейі ұдайы өсіп келеді. Экологиялық кодекстің қабылдануы мен көптеген маңызды жаңашылдықтар енгізілді. Бұл шаралар экологиялық жауапкершілікті күшейтуге және қоршаған ортаның сапасын жақсартуға бағытталған. Алайда іс жүзінде кодекс ережелерінің толық орындалмайтындығы немесе мүлдем ескерусіз қалатындығын байқадық", – деді депутат.

Оның айтуынша, жаңа нормалардың іске асырылуын бақылау жеткіліксіз.

"Экологиялық кодекс талаптарының орындалмауы осы маңызды бастамаларды жүзеге асыруға салынған күш-жігерді жоққа шығарып, бұл өз кезегінде Конституциямыздың 31 және 38 баптарында белгіленген талаптардың толық орындалмауына әкеліп отыр. Неліктен бұл нормалар тек қағаз жүзінде қалып отыр? Неге экологиялық зааңбұзушылықтар үшін жауапкершілік механизмі өз деңгейінде жұмыс істемейді, ал ластаушылар қоршаған ортаға зиян келтіре отырып, зиянды шығындыларды азайтуға мүдделі болмай отыр?", – деді Еділ Жаңбыршин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу