Норвегия королі Ресеймен шекарадағы әскери қызметкерлермен кездесті

830

Әскери киім киген норвегиялық монархты елдің қарулы күштерінің қолбасшысы, генерал Эйрик Кристофферсен мен гарнизонның жеке құрамы қарсы алды.  

Норвегия королі Ресеймен шекарадағы әскери қызметкерлермен кездесті Фото: eadaily.com

Норвегия королі Харальд V 13 наурыз қарсаңында Сëр-Варангер гарнизонына барды, деп хабарлайды inbusiness.kz Скандинавия елі Қарулы күштерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш әскери құраманың негізгі міндеті - Норвегияның Ресеймен шекарасын күзету.

Харальд V-нің Норвегия-Ресей шекарасына сапарының негізгі мақсат-міндеті жарияланбады.

Сëр-Варангер - Норвегияның ең Шығыс нүктесінде, Тромс-ог-Финнмарк фюлкінде (провинциясында) орналасқан коммунасы. Шекараның ар жағында Ресей - Мурманск облысының Печенгег ауданы (бұрынғы 1920-1944 жылдары Фин облысы Петсамо) орналасқан. Шекараның ұзындығы - 196 шақырым (оның ішінде 43 шақырым құрлық пен 153 шақырым өзен). Бұдан басқа мемлекетаралық теңіз шекарасының 23,3 шақырым учаскесі бар.

Өткен аптада Норвегия АҚШ-пен бірлесе отырып, NASAMS әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің екі бірлігін Украинаға беретіні белгілі болды. Хабарландыру Скандинавия елінің Қорғаныс министрі Бьорна Арильд Грамның Киевке сапары аясында жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу