Норвегия Ұлыбританиямен бірлесе Украинаға 9 миллион доллар тұратын Black Hornet микродрондарын жеткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Норвегия Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Норвегия мен Ұлыбритания Украинаға көрсетіліп жатқан қайырымдылық аясында норвегиялық Black Hornet дрондарын жібереді", – деп жазылған хабарламада.
Қарудың құны – шамамен 9,2 миллион доллар.
18 тамызда Эстония үкіметі Украинаға көрсетілетін әскери қолдаудың тағы бір пакетін мақұлдады. Оның аясында бұл ел Украинаға минометтер мен танкке қарсы қару-жарақ жібереді.
Ескере кететін жайт, АҚШ Президенті Джо Байден әкімшілігінің Киевке бөлген әскери көмегінің жалпы көлемі шамамен 9,8 миллиард доллардан асты.
Табиғат Нұрболат