Норвегия Ресей мұнайына шекті баға енгізді

466

Норвегия санкцияларды күшейту аясында ресейлік шикі мұнай бағасының барреліне 60 доллар шекті мәнін енгізді. 

Норвегия Ресей мұнайына шекті баға енгізді Фото: img3.eadaily.com

Бұл туралы корольдіктің сыртқы істер министрлігінің бейсенбіде жариялаған мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Мұндай әрекеттің мақсаты - "Ресейдің шикі мұнайды үшінші елдерге сатудан түскен кірісін азайту" деп түсіндіріледі.

"Норвегия Еуропалық Одақпен және басқа жақтастармен бірге Ресей үкіметіне және оның одақтастарына қысым жасау үшін Ресейге қарсы санкцияларға қатысты", — деді СІМ басшысы Анникен Хуитфельдт.

Жетіліктің мүшелері, ЕО мен Австралия 5 желтоқсаннан бастап олардың иелігіндегі кемелер мен бағынышты аумақтар үшін теңіз арқылы жеткізілетін Ресей мұнайының барреліне 60 доллар шекті бағаны енгізуге келіскенін еске саламыз.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу