Норвегия шаңғымен жарысудан әлем кубогінің екі кезеңін өткізуден бас тартты

1104

Шаңғымен жарысудан 12-14 наурыз күндері Ослода және 19-21 наурыз аралығында Лиллехаммерде өтуге тиіс әлем кубогі кезеңдері ауыстырылды.

Норвегия шаңғымен жарысудан әлем кубогінің екі кезеңін өткізуден бас тартты

Норвегия коронавирусты инфекцияға байланысты шектеулерге байланысты шаңғымен жарысудан бірнеше турнирді өткізуден бас тартты. Бұл туралы Халықаралық шаңғы федерациясының (FIS) баспасөз қызметі хабарлады. деп жазады Olympic.kz.  

Жарыс күнтізбесіндегі соңғы өзгерістер туралы кейінірек жарияланады. Ал шаңғымен жарысудан Норвегия командасы әлем кубогі алдындағы соңғы кубоктік додаға қатыспауды жөн санаған. Осылайша, шаңғымен жарысудан 12-14 наурыз күндері Ослода және 19-21 наурыз аралығында Лиллехаммерде өтуге тиіс әлем кубогі кезеңдері ауыстырылды.

Сондай-ақ, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы және тұғырдан шаңғымен секіруден әлем кубогі кезеңдерінің өту мерзіміне өзгеріс енеді. 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу