Норвегия Украинаға тағы 92 миллион доллар береді

475

Көмек БҰҰ мен Қызыл Крест құрған Украинаға арналған бағдарламалар арқылы беріледі.  

Норвегия Украинаға тағы 92 миллион доллар береді Фото: dia.dp.gov.ua

Норвегия Украинаға гуманитарлық көмекке 1 миллиард крон (шамамен 92 миллион доллар) бөледі, деп хабарлайды inbusiness.kz Норвегия үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаражат халықтың ең осал топтарына, балаларға, босқындарға және ішкі қоныс аударушыларға көмек көрсетуге бағытталады, сол арқылы тұрғын үй, тамақ, су мен білім, денсаулық сақтау салаларына қолдау көрсетіледі, сондай-ақ жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылықтан қорғауға мүмкіндік береді.

Қаржыландыру Украина үшін Нансен қолдау бағдарламасы аясында бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу