Норвегия Украинаға M109 деп аталатын 22 артиллериялық қаруымен қоса оның жабдықтар мен қосалқы бөлшектерін жіберді, деп хабарлайды inbusines.kz Корольдік Үкіметінің сайтындағы хабарламаға сілтеме жасап.
"Украиналық әскери күштер Ресейдің шабуылына қарсы тұру үшін Батыстың әскери техникасы мен қару-жарағына арқа сүйейді, соған тәуелді. Украинадағы соғыс өршуде, сондықтан жойқын техниканы да, қару-жарақ жүйесін жіберу керек", – деді Норвегияның Қорғаныс министрі Бьорн Арильд Грам.
УНИАН агенттігінің дерегіне сүйенсек, Норвегия украиналық жауынгерлерге жаңа қаруды қалай қолдану керектігін үйреткен. Бұл жаттығулар Германияда жүргізілді. Қазір Америка Құрама Штаттары халықаралық серіктестермен бірлесе Украинаны кемеге қарсы тиімді зымырандармен қамтамасыз ету үшін келіссөздер жүргізуде.
Табиғат Нұрболат