Норвегияда мейрамханалар мен барларда алкоголь сатуға тыйым салынды

916

Мектептер де жабылмақ.

Норвегияда мейрамханалар мен барларда алкоголь сатуға тыйым салынды Фото: reuters.com

Норвегия үкіметі барлық мейрамханалар мен дәмханаларда алкоголь сатуға тыйым салды, деп хабарлайды Inbusiness.kz The Local басылымына сілтеме жасап. Пандемияға қатысты жағдайдың нашарлауына байланысты осындай шешім қабылданды. Шектеу клубтарға да енгізіледі. Тыйым 15 желтоқсанда күшіне енеді.

Сонымен қатар балалардың балабақшалар мен мектептерге баруына рұқсат берілмейді. Ал жоғары сынып оқушылары мен университет студенттері ішінара қашықтан оқу режиміне ауыстырылады. 

Жергілікті билік тұрғындарды барынша үйден жұмыс істеуге, денсаулық сақтау жүйесіне ауыртпалық жасамауға шақырды. Қазір бұл елде "омикрон" штамын жұқтырғандар саны көбеюде. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу