Норвегияда ресейлік көліктердің кіруіне тыйым салынды

390

Бұрын корольдіктің сыртқы істер министрлігі жариялаған ресейлік автомобильдердің Норвегия аумағына кіруіне тыйым салынды. 

Норвегияда ресейлік көліктердің кіруіне тыйым салынды Фото: rbc.ua

Шектеу 3 қазанның түн ортасынан бастап Астана уақытымен 03:00 күшіне енді, деп жазады inbusiness.kz.

Кіруге тыйым сыйымдылығы тоғыз орынға дейінгі көліктерге қатысты болмақ.

Тек Ресейде тұратын Корольдіктің субъектілері мен Еуропалық экономикалық аймақтың азаматтары (оған ЕО елдері, Норвегия, Исландия және Лихтенштейн кіреді), сондай-ақ олардың отбасы мүшелері үшін шектеудің күші жүрмейді. Сонымен қатар, шектеулер дипломатиялық көліктерге және төтенше гуманитарлық жағдайларға (жедел ауру, өлім немесе жақын туысының жерлеу рәсімі) әсер етпейді.

Норвегия Еуропалық одақтың мүшесі емес. Дегенмен Ослода Брюссельдегі санкциялардың көп бөлігі, соның ішінде Ресейге қатысты 11-ші санкциялар пакеті қолдау тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу