Норвегияда украиналық босқын өлтірілді

604

Норвегияның Берген қаласында жергілікті Magic Solheimsviken қонақ үйінде кісі өлтіру болды. 

Норвегияда украиналық босқын өлтірілді Фото: Известия

Жәбірленуші 30 жастағы украиналық босқын болды. Бұл туралы Nettavisen жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Қаланың орталық бөлігінде орналасқан бұл қонақ үйді Норвегия тарапы Украинадан келген босқындардың тұруы үшін бергені атап өтілді.

Қонақ үй нөмірлерінің бірінен өте ауыр жағдайда табылды. Ол жедел жәрдеммен жергілікті Haukeland ауруханасына жеткізілді, бірақ дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Бір жарым сағаттан кейін ол қайтыс болды.

Кісі өлтірді деген күдікпен Әзербайжанның тумасы, өлтірілген әйелден бір баласы бар жігіт құқық қорғау органдары қызметкерлерімеү ұсталды.

Полиция күдікті ер адам жауап алу кезінде өз кінәсін мойындамағаны туралы баспасөз хабарламасын таратты.

Қажетті сот-медициналық сараптамалар мен куәгерлерден жауап алу жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу