Норвегиядағы шабуыл құрбандарының саны 5-ке жетті

642

2 адам зардап шекті.

Норвегиядағы шабуыл құрбандарының саны 5-ке жетті Фото: reuters.com

Норвегияның Конгсберг қаласында қаскөй садақ және жебемен адамдарға шабуыл жасап, салдарынан қаза тапқан адамдардың саны 5-ке жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Оңтүстік-шығыс полиция округінің басшысы Эйвинд Аастың мәлімдемесіне сілтеме жасап. Тағы екі адам жарақат алған. 

Бұған дейін кем дегенде төрт адамның қаза тапқаны туралы хабарланған болатын. NRK телеарнасының хабарлауынша, зардап шеккендердің қатарында полиция қызметкері бар.

Қала орталығындағы шабуыл 13 қазанда болды. Күдіктіні полиция қызметкерлері тұтқындады. Құқық қорғау органдары бұл шабуыл лаңкестік әрекет болуы мүмкін дегенді жоққа шығарып отырған жоқ. Күдікті шабуылды өзі ұйымдастырған. Бірақ адамдарға қастандық қылуға не итермелегені белгісіз.

Премьер-министр Эрна Сульберг полиция қаладағы жағдайды бақылауда деп мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу