Норвегиялық басылымда QazVac вакцинасы туралы мақала жарияланды

1293

Steigan.no норвегиялық басылымында қазақстандық QazVac (QazCovid-in)  вакцинасы туралы мақала жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Норвегиялық басылымда QazVac вакцинасы туралы мақала жарияланды Фото: primeminister.kz

"Аталған мақалада препаратты сынау кезінде жанама әсерлер мен қандай да бір шағымдардың байқалмағаны ерекше атап көрсетілген. Әлемдегі фармацевтикалық компаниялардың белгілі вакциналарына қарағанда QazVac екпесінің дайындау технологиясы күрделі емес, жылдар бойы қолданылған әдіспен әзірленген вакцина деп атады",– деп жазылған ВАК телеграм каналында.

Сондай-ақ мақалада қазақстандық вакцинаны сақтау үшін ерекше жағдайлардың талап етілмейтіні, аз ғана салқындатудың жеткілікті екендігі айтылыпты. Осындай вакцинаны  жасаған қазақстандық ғалымдардың еңбегі атап өтілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу