Норвегиялық оқушы экскурсия кезінде викингтерден қалған көне қылышты тапты

433

Қылыш музейге тапсырылды.

Норвегиялық оқушы экскурсия кезінде викингтерден қалған көне қылышты тапты Фото: BILD

Норвегияда 6 жастағы бала мектеп экскурсиясы кезінде викингтер дәуіріне тиесілі қылышты тауып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап.

6 жастағы Хенрик Рефснес Мёртвэдт Браннбу қаласындағы Fredheim мектебінің бірінші сыныбында оқиды. Бұл – Ослодан солтүстікке қарай 80 шақырым жерде орналасқан аймақ. Бала экскурсия кезінде көне қылыштың сабына ұқсас бір затты байқайды. 1-сынып оқушысы жер бетінен суырып алып шыққан зат археологтарды таңғалдырды.

Себебі табылған жәдігер темір бөлігі ерте викингтер дәуіріне жататын, ұзындығы шамамен 1,30 метр болатын қылыш болып шықты.

Хенрик Hadeland газетіне берген сұхбатында белгісіз заттың үстін түгел тот басып, топырақтың астында қалып қойғанып айтты. Бала оның қандай зат екенін анықтағысы келген.

Мамандардың айтуынша, бұл шамамен 1300 жыл бұрынғы қылыш болуы мүмкін. Яғни, бұл Меровингтер дәуіріне немесе викингтер кезеңінің басына жатады.

Сарапшылар бұл аймақты әрі қарай да жіті зерттеу қажет деп санайды. Қазір құнды жәдігер Ослодағы музейге тапсырылған. Оны жан-жақты зерттеп, жуырда көрмеге қою жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу