Норвегиялықтар Украинаға Bayraktar сатып алып бермек

637

Тиісті қаражатты жинау үшін әр тұрғын шамамен 10 крона беруі керек.

Норвегиялықтар Украинаға Bayraktar сатып алып бермек

Норвегиялықтар Украина Қарулы Күштеріне Bayraktar дрондарын сатып алу үшін Spleis сайты арқылы қаражат жинап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұйымдастырушылар 55 миллион крона (шамамен 5,5 миллион доллар) жинамақ.

"Норвегиялықтардың атынан украиналықтарға Bayraktar жіберіңіздер, Украинаның Путинге қарсы күресін қолдаңыздар. Литва үш күнде бір Bayraktar, Польша үшеуін, ал Украина да бірнеше күнде үшеуін сатып алуға  жететін ақша жинады. Норвегия да кем дегенде үшеуін сатып алып беруі керек", – деп жазылған сайттағы хабарламада.

Тиісті қаражатты жинау үшін Норвегияның әр тұрғыны шамамен 10 крона беруі керек. Қаржы дрон сатып алуға немесе Украина елшілігіндегі көмек қорына аударылады.

Бұған дейін Литва тұрғындары Bayraktar TB2 сатып алу үшін шамамен 6 миллион еуро жинаған еді. Польшада да осы бастама қолға алынды. Осы күнге дейін халық 17 миллионнан астам злотый аударды.

Табиғат Нұрболат

Фото: depositphotos.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу