"Нөсер жаңбыр, тұман": Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райын болжады

178

Қазгидромет еліміз бойынша 3-5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің кей бөліктерінде күн суиды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Нөсер жаңбыр, тұман": Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райын болжады Фото: freepik

Синоптиктердің мәліметінше, кезекті солтүстік-батыс антициклоны Қазақстанның басым бөлігіне әсерін тигізеді. Ел аймақтарында жауын-шашынсыз салқын ауа райы болады.

Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауады. Найзағай болады.

3 қазанда оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр, қара аралас жауын жауады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. 

Республиканың солтүстігі, шығысы және орталық аймақтарында түнгі уақытта ауа температурасы 2-8 градус аязға дейін төмендейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу