Ағаштардың құлау қаупі: Алматыда коммуналдық қызмет күшейтілген режимде көшті

936

Алматыда 28 наурыз күні кешке басталған өткінші жаңбыр нөсерге ұласты, бұл наурыз айында орташа айлық норманың 28%-ы. (72 мм).  

Ағаштардың құлау қаупі: Алматыда коммуналдық қызмет күшейтілген режимде көшті Фото: gov.kz
>Судың арық арқылы кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету үшін түнгі ауысымға 49 жедел кезекші мобильді бригада шықты, оның ішінде “Алматы Тазалық” кәсіпорнының 33 бригадасы бар.
 
Кезекші бригадалар су басуға бейім учаскелерге уақытылы шығарылды. Құлаған ағаштар дереу тазаланады.
 
Кезекшілікке барлығы 344 бірлік арнайы техника, 21 мотопомпа және 163 жұмысшы шықты. Қосымша 2 300 қап құм дайындалды.
 
Алдағы күндері ауа-райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне көлікті жол жиегіне қоймауға кеңес береміз. Су тасқынын болдырмау үшін тұрғындардан арық пен каналды қоқысқа толтырмауды сұраймыз. Қандай да бір аумақты су басса, жедел ден қою шараларын қабылдау үшін аудан әкімдіктеріне жүгінуге немесе +7 706 689 8898 нөміріне хабарлама жазыңыздар.
 
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу