Нөсер жауын ақтөбеліктерді әбігерге салды

284

Шаһарда жауын кезінде көмек сұрайтын адамдар көбейді

Нөсер жауын ақтөбеліктерді әбігерге салды Фото: Бейнежазбадан

 

Ақтөбеде әлі де нөсер жаңбыр жауып тұр. Ассенизаторлардың қызметі тәуліктік режимге көшіп, 110 мың текше метр су сорылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Қала аумағында жаңбыр суын төгетін 30 орын бекітілген. Қазіргі таңда екі ауысыммен 110 ассенизатор және 5 насос станциясы, мотопомпалар жұмысын жалғастырып жатыр. Қазгидромет мәліметі бойынша әлі де бір апта нөсер жауын болады. Осы уақытқа дейін жылдық нормаға жуық жаңбыр жауды, – деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімдігі.

Айта кетейік, Ахуалдық орталыққа бір тәулікте 1500-ге жуық өтініш түсті. Соның 1200-ге жуығы орындалды. Үйлерге су кірмеді. Тек аула ішінен су сору жұмысы жүргізілген. Қалалық әкімдік су сору жұмыстары үшін кейбір көшені уақытша жапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу