Нөсер жауын: Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

376

Су тасқынының алдын алу және жою үшін барлығы 168 бірлік арнайы техника тартылған.

Нөсер жауын: Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Фото: Алматы әкімдігі

13 қазан күні сағат 13:30-дан бастап Алматыда жаңбыр жауа бастады, ол 14 қазан күні таңертеңге дейін жауады деп болжануда, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, арық желілері арқылы судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында сағат 08.00-ден бастап 38 патрульді бригаданың шығуы ұйымдастырылған. 

"Су тасқынының алдын алу және жою үшін барлығы 168 бірлік арнайы техника, 23 мотопомпалар және 757 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 1800 қап құм әзірленді", – делінген хабарламада. 

Оған қоса, аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша Алматы қаласында 14 қазан күні  таңға  дейін кейде қатты жаңбыр жауады, биіктігі 10-15 мм, Каменское платода желдің екпіні 15-20 м/с дейін 20 мм дейін, күндіз ауа температурасы +14 градусов+16 градус, түнде +3...+5.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу