Нөсерден кейін Алматыдағы су басу орындарының көбі қалпына келтірілді

383

Тәулік бойы қала көшелері мен жолдарын күтіп-ұстау жұмыстарына 3 080 жол жұмысшысы және 1 225 арнайы техника тартылды.

Нөсерден кейін Алматыдағы су басу орындарының көбі қалпына келтірілді Фото: gov.kz

4 шілде күні Алматыда тәулік ішінде 10 мм жауын-шашын түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ең қатты жаңбыр сағат 15:00-16:00 аралығында жауып, осы уақыт ішінде 7 мм жауын-шашын тіркелді. Жалпы найзағайлы жаңбыр сағат 14:00-17:00 аралығында жалғасты.

Жергілікті су басу жағдайларына жедел әрекет ету үшін коммуналдық қызметтердің күшейтілген кезекшілігі ұйымдастырылды. Жұмысқа 104 арнайы техника, 74 мотопомпа, 12 ассенизаторлық көлік, сондай-ақ 425 жол жұмысшысынан құралған 75 жедел бригада жұмылдырылды. Бұдан бөлек, 2,3 мың құм салынған қап дайындалды. Сонымен қатар, қалалық Құтқару қызметі мен Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері де кезекшілік атқарды.

Күні бойы қала аумағында жергілікті су басудың 26 учаскесі тіркелді. Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша коммуналдық қызметтер оның 24 учаскесіндегі су басу мәселесін толық жойды. Қалған екі учаскеде жұмыстар жалғасып жатыр.

Тәулік бойы қала көшелері мен жолдарын күтіп-ұстау жұмыстарына 3 080 жол жұмысшысы және 1 225 арнайы техника тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу