Nostrum Oil&Gaz БҚО-да көмірсутегі кен орнының үлесін сатып алуда

435

Nostrum Oil & Gas PLC Батыс Қазақстан облысындағы Каменское және Каменско-Тепловско-Токаревское кен орындарында көмірсутектерді игеруге және өндіруге құқығы бар "Позитив Инвест" компаниясының 80% үлесін 20 млн долларға сатып алу туралы шарт жасасты.  

Nostrum Oil&Gaz БҚО-да көмірсутегі кен орнының үлесін сатып алуда Фото: nostrumoilandgas.com

Бұл туралы ақпарат компанияның сайтында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

"Nostrum Oil & Gas PLC (Лондон қор биржасындағы тикер: NOG), мұнай мен газ өндірумен, сондай-ақ Каспий маңы бассейніндегі мұнай-газ кен орындарын барлаумен және игерумен айналысатын тәуелсіз мұнай-газ компаниясы - белгілі бір шарттар орындалған жағдайда - 1995 жылғы 3 наурыздағы Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысындағы Каменское және Каменск-Тепловск-Токаревское ("Степной леопард" кен орындары) кен орындарында көмірсутектерді бағалауға, игеруге және өндіруге № 25 шарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие "Позитив Инвест" ЖШС ("Позитив Инвест") қатысуының 80 пайыз үлесін (өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) ("позитив Инвест" келісім-шарты), 20 млн долларға (Nostrum Oil & Gas Coöperatief U. A. алдындағы қарыздың аз мөлшерін шегергенде) сатып алу туралы шартын жасасқаны туралы хабарлайды" - делінген компания жариялаған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Nostrum Oil & Gas PLC қайта құрылымдаудың аяқталғанын жариялады. Нәтижесінде облигация ұстаушылар компанияның жай акцияларының 88,89% алады. Қайта құрылымдау барысында топтың облигациялары бойынша бұрын қалыптасқан берешектің бір бөлігі тиісінше 250 млн және 300 млн жаңа облигациялардың пропорционалды көлемін шығаруға айырбасталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу