Нотариустар ипотекалық несие рәсімдегендерден заңсыз ақша алып келген

1118

Клиент азаматтық істі жеңіп, артық төлеген 32 мың 825 теңге мөлшеріндегі соманы қайтарып алды.

Нотариустар ипотекалық несие рәсімдегендерден заңсыз ақша алып келген

"7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыз алушының нотариустық шығындары 10 мың теңгеден аспауы керек. Бұл туралы "Баспана" ипотекалық ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Сол себепті әр тұрғын ипотекалық қарыз рәсімдегенде, шығындары 2019 жылы 4 айлық есептік көрсеткіш немесе 10 100 теңге болуға тиіс дейді ипотекалық ұйым басшылығы.

Айта кетсек, 2018 жылғы тамызда қарыз алушы "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы аясында сатып алған жылжымайтын мүлкін сатып алу - сату шартын куәландыру үшін Алматы қаласының жекеменшік нотариусына жүгінген. Олар қызметі үшін 42 мың 925 теңге алған. Кейін клиент Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа ала отырып, сотқа жүгінген.

"Баспана" ипотекалық ұйымы қарыз алушының дәлелдерін қолдай отырып, сотқа "7-20-25" бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу тәртібі мен талаптары туралы түсініктеме берді. Нәтижесінде клиент азаматтық істі жеңіп, артық төлеген 32 мың 825 теңге мөлшеріндегі соманы қайтарып алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу