Нотр-Дам де Париді қалпына келтіруге халықаралық байқау жарияланды

965

Франция Президенті Эммануэль Макрон жаһан жұртының көмегімен шіркеуді алдағы бес жылда қалпына келтіруді көздеп отыр.  

Нотр-Дам де Париді қалпына келтіруге халықаралық байқау жарияланды

Нотр-Дам де Пари шіркеуінің шатырұшын қалпына келтіру мақсатында Франция халықаралық архитектуралық байқау жариялайды. Бұл туралы Францияның премьер-министрі Эдуар Филлип арнайы шақырылған министрлер кеңес қорытындысында мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Шіркеудің шатырұшы 19 ғасырда, сәулетші Эжен Виолле-ле-Дюктің жобасы бойынша бой көтерген еді. Оның алдындағы шатырұшы 18 ғасырдың соңында, Француз революциясы кезінде алмастырылды.

Естеріңізге салсақ, жексенбі күні шыққан алапат өрттің салдарынан Нотр-Дам де Пари шіркеуіне зақым келген. Шатырұшы опырылып, киелі жәдігердің 70 проценті жойылған. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу