Новак Джокович оныншы рет Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды

376

Сербиялық теннисші Новак Джокович оныншы рет Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Новак Джокович оныншы рет Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды

Джокович бүгін финалда грекиялық Стефанос Циципастан 6:3, 7:6 (7:4), 7:6 (7:5) есебімен басым түсті.

Род Лэйвер аренасында үш сағатқа созылған бәсеке барысында сербиялық спортшы 7 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 15 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Новак Джокович 22 рет "Үлкен дулыға" турнирінің чемпионы атанды. Бұл көрсеткіш жөнінен ол испаниялық Рафаэль Надальмен теңесті. Н. Джокович сондай-ақ, Уимблдонда – 7, АҚШ ашық чемпионатында – 3, Ролан Гарроста – 2 рет үздік шықты. Р. Надаль Ролан Гарросты – 14, АҚШ ашық чемпионатын – 4, Уимблдон мен Аустралия біріншілігін – 2 реттен ұтты.

Қазіргі кезде әлемдік рейтингіде 5-орында тұрған Джокович ертең көш бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу