Әлемнің 2-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович 47-рет "Үлкен дулыға" турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Джокович бұл көрсеткіш жөнінен спорттағы мансабын аяқтаған швейцариялық Роджер Федерерді басып озып, жекедара көш бастады.
Нью-Йоркта АҚШ ашық чемпионатында сербиялық теннисші ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы, америкалық Тейлор Фритцті 6:1, 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Осымен Джокович АҚШ чемпионатының жартылай финалына 13-рет өтіп отыр.
Новак Джокович финалға шығу үшін америкалықтар, әлемнің 10-ракеткасы Фрэнсис Тиафо немесе рейтингте 47-орында тұрған Бен Шелтонның біреуімен кездеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу