Бұл туралы Газета.RU журналист Майк Диксонға сілтеме жасап жазды.
Испаниялық теннисші Карлос Алькарас бесінші сетте брейк жасады. Осыдан кейін есеп 3:1 болып, Алькарас алға шықты, осы кезде Джокович ракеткасын тордың тіреуіне соғып, оған із қалдырған. Бұл әрекеті үшін сербиялық спортшы матчтың төрешісінен ескерту алды. Оның ракеткасы жарамсыз болып қалды.
Матч 1:6, 7:6, 6:1, 3:6, 6:4 есебімен испаниялық теннисшінің жеңісімен аяқталды.
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) рейтингінде Алькарас 1, ал Джокович 2-орында тұр. Үздік үштікті ресейлік Даниил Медведев түйіндеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу