Новороссийск арқылы экспортталатын мұнай көлемі 2 есе артты

926

Ресей құбырымен тасымалдау мұнай сапасын сақтайды.

Новороссийск арқылы экспортталатын мұнай көлемі 2 есе артты

"ҚазТрансОйл" жылдың соңғы айында Новоросийск порты арқылы 160 мың тоннан күкірті аз мұнайды экспортқа жөнелтті. Атыраудан Ресейдің Самара қаласына дейін құбыр арқылы тасымалданатын өнім әрі қарай Новороссийсктен танкер арқылы экспортқа кетеді. Бұған дейін аталмыш маршрутпен айына 85 мың тоннадан артық мұнай тасымалданып көрмеген болатын.

"Мұнай сапасын сақтау үшін "ҚазТрансОйл" компаниясы күкірті аз мұнайды "Атырау-Самара" мұнай құбыры арқылы, ресейлік "Транснефтьке" тиесілі желімен Siberian Light жеңіл мұнайымен қосып Новороссийске дейін айдайтын. Бүгінге дейін тасымалдың бұл түрі айына 85 мың тоннадан аспайтын. Бұл отандық мұнай компаниялары үшін анағұрлым тиімді. 2019 жылдың 12 айында "ҚазТрансОйл" АҚ "Атырау-Самара" бағыты бойынша 1 млн 45 мың тонна мұнай тасымалдады. Негізгі жөнелтуші – "ӨзенМұнайГаз" АҚ", – делінген "ҚазТрансОйл" АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі делінген "ҚазТрансОйл" АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті таратқан мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу