Новосибирскіде газ жарылысынан қаза тапқандар саны 14 адамға дейін өсті

772

Новосибирск қаласының Заельцев ауданындағы тұрғын үйде газ жарылысынан қаза тапқандар саны 14 адамға дейін өсті. 

Новосибирскіде газ жарылысынан қаза тапқандар саны 14 адамға дейін өсті Фото: img6.eadaily.com

Бұл туралы inbusines.kz "Известия" дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

"Тағы бір өлген адамның денесі табылды. Құрбан болғандардың жалпы саны 14 адамды құрайды", - деді ақпарат беруші.

Тұрмыстық газдың жарылуы 9 ақпанда 7.43 шамасында (Астана уақытымен 6.43) бес қабатты панельдік үйде болды. Жарылыстан кіреберіс құлап, 30 пәтер қирады, 300 шаршы метрге жайылған өрт тұтанды.

Оқиға фактісі бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 238-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды ("қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызметтер көрсету"). Ол бойынша екі адам — 45 жастағы және 25 жастағы Омбы облысының тұрғындары ұсталды.

Тергеу мәліметтері бойынша, оқиғадан бірнеше күн бұрын олар жарылыс болған көпқабатты үйдің бірнеше пәтерінде газ плиталарына техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізген. Күдіктілер өздерін "Межрегионгаз Сервис" ЖШҚ қызметкерлері  деп таныстырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу