Орталықты өртеу әрекеті осымен екінші рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Telegram-арналарға сілтеме жасап.
Новосибирскіде жұмылдырылғандарға көмек жинау пункті өртенді. Қоғамдық бірлестіктердің ресурстық орталығындағы өрт 6 наурыз, дүйсенбіге қараған түні бәз біреудің қатысуымен орын алды, деп хабарлайды "На ОбьГЭСе (Новосибирск)" Telegram-арнасы.
Белгісіз біреулер әйнекті сындырып, жанып тұрған шүберекті орталықтың мұражай бөлмесіне лақтырған, содан кейін дабыл қағылып, күзетшілер өртті сөндірген.
Полиция оқиғаның егжей-тегжейін анықтап жатыр. Қалалық Кеңестің депутаты Светлана Каверзина өз кезегінде өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.