Нүкенова қымбат киім киіп, зергерлік бұйымдар тақты, Бишімбаев оны үш-ақ рет ұрған – адвокат Ғазымжанов

1189

Ғазымжановтың сөзін судья Айжан Құлбаева тоқтатты. 

Нүкенова қымбат киім киіп, зергерлік бұйымдар тақты, Бишімбаев оны үш-ақ рет ұрған – адвокат Ғазымжанов Фото: видеодан алынған кадр

Астанада әйелін өлтірді деп айыпталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жарыссөз жалғасуда. Сөз Бишімбаевтың тағы бір қорғаушысы Ғалымжанов сөз сөйлеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бишімбаев оны (ред. Нүкенованы) үш рет қана ұрды. Олар демалып, қалаған жерлеріне барып, жегісі келгенін жеп, қымбат киім киіп, зергерлік бұйымдар тақты. Бұл жағдайда ұру тек қана үш рет болған.  Ендеше әр отбасына араласып, әйелімен ұрысқан күйеуін 4-7 жылға соттайық", – деді адвокат.

Ғазымжановтың сөзін судья Айжан Құлбаева тоқтатты. 

"Егер сіз осындай мәлімдемелерге тағы бір рет жол берсеңіз, сот соған сәйкес әрекет етуге мәжбүр болады", – деді төрағалық етуші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу