"Нүкеновада қорыл емес, сырыл болған": Бишімбаевтың айтқандары сотта жоққа шығарылды

355

Бұл жағдайда ол тұншығып, ауа жетпегеннен дыбыс шыққан. 

"Нүкеновада қорыл емес, сырыл болған": Бишімбаевтың айтқандары сотта жоққа шығарылды Фото: видеодан алынған кадр

Бишімбаевтың сотындағы тыңдалым кезінде сот-медициналық сарапшыға прокурор "Адам ми жарақатын алғаннан кейін ұйқыдағыдай қорылдай ма?" деген сұрақ қойды. Маман прокурордың қойған сауалына марқұмның дәл сол кезде асфиксия жағдайында болғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты. 

"Жоқ, әрине. Мұнда жарақат асфиксия жағдайында жедел тыныс жетіспеушілігімен бірге жүргені сөзсіз. Яғни тыныс жетіспегендіктен тыныс алу аумағындағы бұзылыстардан қандай да бір дыбыс шығуы мүмкін. Бірақ сау адамның қорылына ұқсамайды. Ұйықтап жатқан адамның қорылдауы тұрақты, тыныш болады. Ал бұл жағдайда ол тұншығып, ауа жетпегеннен дыбыс шыққан. Кез-келген адам сау адамның қорылын бірден біле алады. Ал бұл жағдайда қорыл емес, сырыл", – деп түсіндірді Халимназаров.

Судья сондай-ақ ауыр ми жарақатын алған адамның қанша уақыт дыбыс шығаруы мүмкін екенін сұрады.

Маманның айтуынша, бәрі жарақаттың ауырлығына байланысты және адам осы күйде бірнеше сағат болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу