Асқар Мамин Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында ұзындығы 319 шақырым болатын "Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы (Астрахань)" республикалық автомобиль жолының салыну барысымен, "Ақтөбе қаласы оңтүстік айналма жолы" жергілікті маңызы бар автожолының реконструкциясымен танысты, сондай-ақ "IBG Catering" ЖШС жол бойы сервисінің көпфункционалды кешенін аралады, деп хабарлайды primeminister.kz.
ҚР үкіметінің басшысы өңірдегі тұрғын үй мәселелерінің шешілуіне айрықша назар аударды. Асқар Мамин салынып жатқан "Нұр Ақтөбе" ықшам ауданын аралап көрді, онда биыл жыл соңына дейін 2 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, "Көктас-Ақтөбе" құрылысы материалдары зауытына, сондай-ақ "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының жобасы – "Глобал Спецодежда" тігін фабрикасына барды.
Жұмыс сапарының соңында ҚР премьер-министрі өңірде ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобалардың іске асырылуы бойынша "Ақтөбе ет кластері" ЖШС ет өңдеу комбинаты мен "Айс" ЖШС сүт-тауарлық фермасына барды.