Нұр-Cұлтан қаласын 475 адам дезинфекциялап жатыр – Алтай Көлгінов

902

Көпқабатты үйлердің кіреберістерін дезинфекциялауға басымдық беріледі.

Нұр-Cұлтан қаласын 475 адам дезинфекциялап жатыр – Алтай Көлгінов Фото: Серікжан Қобыланбаев

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Cұлтан қаласын дезинфекциялау шарасы ерекше бақылауда екенін, бұл жұмысқа қорғаныс министрлігінің сарбаздары жұмылдырылғанын жариялады. 

"Нұр-Cұлтан қаласын 475 адам дезинфекциялап жатыр. Оның тең жартысы әскери адамдар. Қалғандары дезинфекциямен айналысатын мамандандырылған компаниялардың өкілдері. Ең әуелі коронавирус инфекциясының ошағы анықталған жерлер дезинфекцияланады. Бүгінгі таңда 10 ұйым карантинге жабылған. Олардың арасында №1автобус паркі, жатақхана, екі медицина ұйымы бар. Бұған дейін аялдамалар, тротуарлар, қоғамдық орындар дезинфекцияланды. Қазір қоғамдық орындар  дезинфекцияланып жатқан жоқ. Себебі адамдардың жүруіне шектеу қойылған. Басымдық көпқабатты үйлердің кіреберістеріне беріліп жатыр. Осы уақытқа дейін көпқабатты 500 үйдің 1900 кіреберісі дезинфекцияланды", – деді Алтай Көлгінов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу