Nur.kz порталындағы "Халық дауысы" жобасының үшінші маусымы басталды

1477

"Халық дауысы" жобасының үшінші маусымы осы  жылдың 30-шы наурызында қорытындыланады.  

Nur.kz порталындағы "Халық дауысы" жобасының үшінші маусымы басталды

NUR.KZ сайтында "Халық дауысы" жобасының үшінші маусымы басталды, деп хабарлайды Atameken Business.      

Бұл туралы аталмыш порталдың өкілі Сеитжан Арыстан хабарлады. Оның айтуынша, дауыс беруге қазақстандықтар онлайн режимінде қатысып, шенеуніктердің қызметіне лайықты бағасын бере алады.

Рейтингте: ең белсенді әкім, министр, мемлекеттік қайраткер және ұлттық компанияның басшысы деген төрт номинация ұсынылған. Сонымен қатар оқырман Қазақстан қалаларының ластану деңгейіне, инфрақұрылымдық және мәдени дамуына да баға бере алады.

Айта кетейік, дауыс беру үшін сайтқа әлеуметтік желідегі аккаунт арқылы тіркелу қажет. Соның арқасында, дауыс беру әділ әрі ашық жүргізілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу